АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелерінің қарағандылықтармен кездесуі жалғасуда. Бүгін олар Қазақстанда атом саласын дамыту мәселесін Абай ауданының тұрғындарымен бірге талқылады. Кездесуге мәдени- әлеуметтік, білім, медицина мекемелерінің қызметкерлері түгел қатысты. Штаб мүшелері Агрогородок ауылындағы көпсалалы колледж студенттерімен де кездесті. Депутаттар мен сарапшылар атом энергетикасын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Мамандардың есебінше, елімізде көмірмен жылытатын станциялар 70 пайызға тозған. Олардың қоршаған ортаға зияны шаш етектен. Бүкіл әлем қазіргі таңда көмір күлі мен түтінінен бас тартуда. Оның үстіне 2023 жылғы көрсеткішке сүйенсек, Қазақстанда электр қуатына тапшылық сағатына 2 млрдкиловатқа жеткен. Оның 2 млн- ы өндірісті Қарағанды облысына тиесілі,- дейді штаб мүшелері.
АРМАН ҚАЛЫҚОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Қалдықтарға келсек, көміртегі станциялары 10 жылда 70 млн тонна, жылына 7 млн тонна күл, яғни қалдық шығарады. Біз осы саламен дамимыз ба, әлде экологиялық таза атом бағытымен дамимыз ба, шешуіміз керек. Көміртегі станцияларын халықаралық ұйымдар қаржыландырмайтын болады. Біз өзіміз әлемдік қауымдастыққа 2060 жылы қалдықтарды нөл пайыз қыламыз деп жарияладық. Сондықтан дұрыс шешім қабылдау сіздердің құқықтарыңыз. Ұрпағымызға не қалдырамыз, соны ойлауымыз керек ».