Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемдегі ең бақытты қалалар анықталды

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2024
  • 53

Сарапшылар әлемдегі ең бақытты қалалар тізімін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Лондондық өмір сапасы институты 2024 жылғы әлемнің ең бақытты қалаларының рейтингін жаңартты. Зерттеу нәтижелері кезінде бақытты өмірді анықтау үшін бірнеше фактор есепке алынған: ресурстардың қолжетімділігі, демографиялық ерекшеліктер және әлеуметтік жағдай. Бұл рейтинг қалаларды үш топқа бөлген: Golden Happiest cities, Silver cities және Bronze cities.

Golden Happiest cities (ең жоғары бақыт деңгейі) қатарына Орхус (Дания), Цюрих (Швейцария), Берлин (Германия), Гетеборг (Швеция) және Амстердам (Нидерланд) енген. Бұл топта барлығы 37 қала бар. Екінші сатыдағы Silver cities тізіміне Бостон (АҚШ), Оденс (Дания), Осло (Норвегия), Мельбурн (Австралия) және Монако енген. Bronze cities рейтингін Линц (Австрия), Асан (Оңтүстік Корея), Дюссельдорф (Германия), Уппсала (Швеция) және Маастрихт (Нидерланд) бастап тұр.