Русский Сайттың толық нұсқасы

Немересін бағатын ата-әжелерге жәрдемақы төленеді

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2024
  • 141

Швецияда ата-әжелер немерелеріне қарағаны үшін мемлекеттен ақшалай жәрдемақы ала бастады. Осыған байланысты жаңа заң биылғы жазда күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Барлық әкімшілік шараларды Швецияның Әлеуметтік сақтандыру агенттігі жүргізеді. Бұл заң әсіресе жұмысбасты отбасыларға үлкен көмек.

Швецияда бала күтімі бойынша демалыстың жаңа ережелеріне сәйкес, ата-аналар өздерінің 45 күнге дейінгі ақылы демалысын баланың ресми қамқоршысы болып табылмайтын адамдарға бере алады. Мысалы, бұл ата-әжелері болуы мүмкін. Ал егер ата-ана жалғызбасты болса, олар 480 күн ақылы демалыстың 90 күнін басқа біреуге бере алады.

Швецияның Әлеуметтік сақтандыру агенттігі өкілдерінің айтуынша, жаңа заң ата-аналардың жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған, сондай-ақ гендерлік теңдікті дамытуға ықпал етеді. Заңды ұсынған министр Швецияның бүкіл Еуропаға үлгі болатынына сенімді.

Euronews хабарлауынша, тамыз айының соңына дейін шамамен 1500 швед азаматтары жаңа заңның мүмкіндіктерін пайдаланып үлгерген.