Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана тасқын судан қорғалған - Ислам Әбішев

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2017
  • 2512

Астанада су басу қауіпі бар 37 аймақ анықталды. Қазірде Майбалық және Нұра, Есіл өзендері маңында ұзындығы 5400 метрді құрайтын бөгетті бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы биылғы қызыл суға төтеп беру үшін мемлекеттік бюджеттен 1,4 миллиард ақша бөлінген.

Астананы тасқын судан сақтау үшін төтенше жағдайлар қызметінің 100 техникасы және жергілікті әкімдіктен қосымша 27 су сорғыш машиналар жұмылдырылған. 20 мың қап құм дайындалып, 9 мың инертті материалдар қауіпті аймаққа жеткізіліпті. Сондай-ақ су басу қауіпі бар жерлерде 125 арнайы жасақ сарбазы қауіпсіздікті қамтамасыз етпек.

Ислам Әбішев, ҚР АШМ су ресурстары комитетінің төрағасы:

Қазір Нұра өзені 661 куб су ағып жатыр. Жақын аралықта 200 куб су келуі мүмкін. Бірақ ол судың қалаға тигізетін әсері болмайды. Бүгінгі таңда қала тұрғындарына Есіл өзені арқылы Астана су қоймасы арқылы ешқандай су топаны немесе су басып қалатындай ондай қауіп жоқ деп сеніммен айта аламын.