Еліміздің түкпір-түкпірінде Халықтық штаб жұмысы қызу жүруде. Олар референдумның маңыздылығын түсіндіріп, тұрғындарға ақпарат беруде. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық штаб өкілдері де бұл іске жұдырықтай жұмыла кіріскен. Аудан орталығында ғана емес, ауыл-аймақтарға да үнпарақтар таратылып, плакаттар ілінуде. «Есіктен есікке» акциясы аясына үйлерді аралап, тұрғындармен тілдесіп, референдумға қатысуға шақырып жатыр.
ӘДІЛ ҚОШАЛАҚОВ, ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ:
Бірінші күндері жұрттың қызығушылығы, түсініңкіремей, бұл не, қалай, не үшін деген сұрақтар болатын еді. Бұл мәселе ашық талқыланып жатыр, барлық оның дәлелдері келтіріліп жатыр. Сондықтан да ел бұл туралы біліп, хабардар болып, бұның қажеттілігі туралы түсініп, қазір кездесулерде басым көпшілігі қолдау жасап жатыр.