Ақтөбе тұрғыны өзінің бүйрегін сатпақшы болған. Оның заңсыз әрекетін облыс прокурорлары анықтап, алдын алды. Прокурорлар әлеуметтік желіге мониторг жүргізу барысында өзінің ішкі ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болған азаматтың жарнамасын байқап қалған. Артынша 35 жастағы ер адамның бүйрегін саудаға шығарғаны белгілі болды.Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
АНУАР АБДУЛБАХИТОВ, СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ МЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасы аясында , Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған «Е» есімді азаматты ұстады. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 116 бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.