Еліміз электр энергиясы тапшылығына байланысты көрші елдерден сағатына 2 млрд киловатт өнім сатып алуға мәжбүр. Бұл туралы «Amanat» партиясының ақпарат алаңында айтылды. «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі мен «Жастар рухы» жастар қанатының кездесуінде атом электр станциясы құрылысының келешегі түсіндірілді. Сарапшылар бұл мәселеде ядролық физиктердің пікірлері басты назарға алынуы тиіс екеніп атап өтті.
ТИМУР ЖҰМЫРБАЕВ, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ:
Жасыл энергия бүкіл әлемде сұранысқа ие. Бүгінде елімізге шекаралас мемлекеттерден қымбат бағада электр энергиясын сатып алып жатырмыз. Оның көлемі Алматы қаласы мен Алматы облысының жылдық энергия тұтынуымен тең. Сондықтан халық алдағы саяси науқанға келіп, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдағаны дұрыс.