Русский Сайттың толық нұсқасы

«Медиаиндустрияда инновациялар мен тиімді коммуникация құрудың 10 кейсі» атты конференция өтті

Аstana Меdia Week аясында медиаиндустриядағы инновациялар мен тиімді коммуникация құрудың кейстері талқыланды. Баспасөз хатшылары үшін шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Кәсіби тренерлер өздерінің тәжірбиелерімен бөлісіп қана қоймай түрлі танымдық ойындар арқылы тақырыпты тереңірек сараптады. Бүгін сондай-ақ, «Үздік баспасөз хатшысы» анықталды. Жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ең үздік деп танылды. 

ШЫҢҒЫС ӘЛЕКЕШОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Абыройлы атаққа ие болғанымызға біз өте қуаныштымыз. Мақтан тұтамыз. Бұл бізге абырой. Әрине бұл тек орталық ақпараттың баспасөз қызметінің жеңісі емес. Сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша жеке құрамның тәулік бойы күн демей, түн демей жұмыс жасап, жұмыс нәтижесін көрсетіп. Осы нәтижелерді көрсету барысында барынша ашық және пайдалы болудың нәтижесі деп есептеймін.