Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықтық штаб Маңғыстау өңіріне барды

Халықтық штаб Маңғыстау өңіріне барды. Олар мұнайшылармен және аймақ жұртшылығымен кездесті. Сондай-ақ Сенек ауылының тұрғындарымен аймақты дамыту перспективаларын талқылады. Штаб мүшелері облыс қазіргі таңда электр қуатын ең жоғары жүктеме кезінде шетелден сатып алатынын жеткізді. Энергия тапшылығы жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарының ашылуына, қоғамдық инфрақұрылымның дамуына кедергі келтіретінін де ескертті. Салдарынан көптеген келешегі бар салалар қағаз жүзінде ғана қалып отыр, дейді. Олардың айтуынша, қазір Маңғыстауды еліміздің бірыңғай энергия жүйесіне қосу жұмысы жүргізілуде. 

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі таңда елімізде тек ғана саяси, болмаса Конституцияны өзгертуге байланысты референдум емес, еліміздің тарихында тұңғыш рет әлеуметтік-қоғамдық мәселені референдумге шығарып отыр. Бұл Мемлекет басшысының соңғы 5 жылдықта ұстанып келе жатқан ең негізгі бағыттарының бірі. Ал осы жасалып жатқан жұмыстар тікелей Қазақстанда жаңа саяси-қоғамдық мәдениеттің қалыптасып жатқанының бірден-бір белгісі.