Русский Сайттың толық нұсқасы

Автобуста ақша жинайтын волонтерлар тексерілмек

Қазір автобус, базар сияқты адам көп шоғырланатын орындарда баланың еміне деп ақша жинайтын жасөспірімдер кезіп жүр. Ол ақшаның қайда кетіп жатқанын енді ішкі істер министрлігі тексереді. Себебі сауап деп берген ақшаңыз алаяқтардың қалтасына түсуі әбден мүмкін. Сондықтан сурет көрсетіп емге ақша жинайтын еріктілерді бақылауға алмақ. 

Қала ішінде автобусқа мінсең, арнайы киім киіп, қолына жәшік ұстаған волонтерларды жиі көресіз. Баланың жасы мен қойылған диагнозды айтып жолаушылардан жәрдем сұрап жүретіндер көп. Енді соның барлығы тексеріледі.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Егер бұл алаяқтар болса, онда қылмыстық кодекске сәйкес жұмыс істейміз. Сосын ол жасөспірімдердің ата-аналары қайда екенін, неге рұқсат бергенін зерттеуіміз керек. Бұл қызметтің жалпы қаншалықты заңды екенін және қаржының қайда кетіп жатқанын зерттейміз.+Бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беремін, олар бұл жасөспірімдердің кім екенін, олардың артында кімдер, қандай ұйымдар тұр, барлығын тексереді.

Қоғамдық қор басшысы Жанболат Оранбасаров та тексеру жүргізудің дұрыс екенін айтады. Барлығы заңға сай болуы керек дейді. Мысалы, олар еріктілерді 18 жастан бастап жұмысқа қабылдап, арнайы келісімшарт жасайды. Ешкімді үгіттемейді, жиналған қаражаттың қолды болмауы үшін барлық жағдай жасалатын көрінеді. Ата-анаға күн сайын бір ай бойы есеп беріледі.

ЖАНБОЛАТ ОРЫНБАСАРОВ, «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДҮНИЕ РУХАНИЯТ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Как положено акт арқылы қабылдап аламыз. Әр бокстарды байқасаңыздар шетінде пломболары тұрады. Азанда барлық волонтерларға договор состовлять етеміз. Что бы көрінген біреу келіп алып шығып кете алмайды да оны. Договормен как положено өздерінің иин нөмірлерімен тіркеліп отырады. Сосын хамуттарды тексеріп алып қаламыз. Кешке сол дұрыс па ауысқан ба ұрланған ба ондайларын тексереміз. Барлық волонтерлар өзімізде тексеріліп болғаннан кейін актке жазамыз сүйтіп общий сумманы тіркейміз. Сосын ата анаға общий сумма жиналды деп кезек кезекпен көмек жинап береміз.

Қала тұрғыны Айсұлу Қалгенованың баласы-науқас. Еміне ақша қажет. Сондықтан қоғамдық қордан көмек сұрауға мәжбүр. Себебі халық алдында жүрген блогерлерге хабарлассақ пайыз сұрайды дейді.

АЙСҰЛУ ҚАЛГЕНОВА,ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ашейін сау бала гриппен ауырған кезде қанша қаражат кететінін. Мына бала 24/7 дәрімен отыратынын. Бұл біз лфк ын басқасын істегенмен дәрі тағы береміз ғой дәрі тағы берген кезде ішкі құрылысының кетеді ғой. Бауыр бар. Бүйрек бар дегендей. Бір жерін емдесек бір жерін біз құтырып қойып жатырмыз.

Елімізде мұндай көмекке мұқтаж жан көп. Олардың көбі қоғамдық қорға жүгінетін көрінеді. Сол ұйымдар арқылы жиналған ақшаның қайда кетіп жатқаны алдағы уақытта белгілі болмақ.