Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы барахолкасының маңында жүк көлігі өртенді

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2024
  • 91

Алматының Алатау ауданындағы Солтүстік айналымда ЗИЛ көлігі өртенді. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер өртті 07:43-те сөндіруге кірісті. Өрт сағат 08:02-де сөндірілді.

"Жүк көлігі жұмыс істемей тұрған және оны қарбыз сақтауға пайдаланылған. Өрттің алдын ала себебі - сөндірілмеген темекі тұқылы", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.