Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында екі мыңнан астам қызмет сапасыз көрсетілген

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2017
  • 4027

Оңтүстік Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға 1-ші тоқсанда 1 млн 800-ден аса мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, соның 2 мыңнан астамы сапасыз атқарылған.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша аймақтық комиссия кураторының мәжілісінде айтылды. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын талқылаған комиссия мүшелерінің мәліметінше, азаматтардан былтыр 260 арыз түссе, биылғы үш айдың өзінде 81 шағым түсіпті. Жұмысты жүйелеуде аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарына бірқатар құзырлы орын өкілдерін де тарту ұсынылды.

Әділхан Исабаев, «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссия жетекшісі, ОҚО мәслихатының депутаты:

Адамдар сабылып, әрқайсысы әр жақа жүгірмей, өзіне тиісті сұрақтар болса, бір жерден алып, бір жерде шешіп кету мүмкіндіктері аудандарда толықтай. Қазір соны жақын арада шешу керектігін назарға ұсындық.

Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы сапасыз қызметтің 119-ы орталық қызметкерлерінің тарапынан жіберілгенін жасырмады. Оларға шара қолданғандарын  айтты.

Еркебұлан Әлсейітов, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ОҚО департаментінің директоры:

Бізде тәлімгер үш маман жұмыс жасайды. Арнайы оқыту, жоспар жасайды. Қай қызмет түрінен қателік кетті, сол бойынша арнайы әрбір қызметкерге жоспар жасап, оқыту жұмыстарын жүргізеді алдын ала, қайталамау үшін.