Русский Сайттың толық нұсқасы

Данияда Викинг дәуіріне тиесілі адам сүйегі табылды

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2024
  • 273

Данияда ғалымдар Викинг дәуіріндегі жерлеу орнына зерттеу жүргізу кезінде 50 адамның сүйегін тапты.

Бұл туралы 24 kz.хабарлайды.

Сонымен қатар VII-VIII ғасырға тиесілі пышақ, әйнек, інжу-маржан сияқты сирек кездесетін бұйымдар анықталған.

Зерттеушілердің сөзінше, бұл қаңқа шаруашылықпен айналысқан ер адам мен жоғары мәртебелі әйел адамға тиесілі болуы мүмкін.

Өйткені әйел күміспен безендірілген пышақ және әйнекпен бірге жерленген. Ғасырлар бұрынғы сүйектің ыдырамай, жақсы сақталуын мамандар судың сапасы және топырақтың құнарлылығымен байланыстырады. Ежелгі адам сүйегі қораптарға салынып, жергілікті мұражайға қойылды.