Русский Сайттың толық нұсқасы

30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2024
  • 292

Қазгидромет 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал облыстың орталығында 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.