Русский Сайттың толық нұсқасы

Үш күнде үш қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды

Үш күнде үш қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды. Оралда зорлық-зомбылықпен оқу орындарының бірінің студентінен 500 мың теңге бопсалаған жергілікті жастар тобы ұсталды. Ал Шымкентте екі адам жергілікті тұрғыннан 1 миллион теңге бопсалаған. Оған қатысты ақпаратты жария етеміз деп қорқытыпты. Ақтөбеде қаскөйлер жәбірленушіге моральдық және физикалық қысым көрсетіп, сегіз миллион теңге тауып беруін бұйырған. Қылмыскерлер бір миллион теңге мен Subaru автокөлігін алу кезінде құрықталды. 

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
ІІМ бопсалаушылардың қылмыстық топтарын анықтау және ұстау бойынша жұмысты жалғастыруда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бопсалау фактілерін анықтау және олардың алдын алу жұмыстары жалғасады