Русский Сайттың толық нұсқасы

"Атом энергетикасы саласында кадр тапшылығы болмайды", - маман

Атом энергетикасы саласында маман тапшылығы болмайды. Дарын Бөртеков осылай дейді. Себебі, қазір 4 мыңнан астам адам осы мамандық бойынша білім алуда. Одан бөлек бакалавриатқа 4 мыңға тарта, магистратураға 300, ал докторантураға 76 грант бөлінеді. Сондай-ақ, қазір бұл салада 20 мыңнан астам адам, оның ішінде негізгі өндірісте 15 мың адам жұмыспен қамтылған. Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында да көптеген мамандар еңбек етуде.

ДАРЫН БӨРТЕКОВ, ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Болашақта бұл салада маман тапшылығы болуы мүмкін емес. Ядролық физика институтын алып қарасақ 57 жыл бойы атом реакторы Алматы маңында жұмыс істеп келді. Ол жерде біз кем дегенде 3 буын, 3 ұрпақ даярладық. Сол тәжірибемізбен бөлісеміз. Және бұл мамандар Қазақстанда даярланып шығып жатыр.