Атырауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қаланың тазалық және көркейту жұмыстарымен айналысатын мердігер компания қызметкерлері жұмылды. 100-ге жуық адам Жайық өзені жағалауынан қураған тал, ағаш бұтақтары мен шөптен тазалады. Тазалық жанашырлары түске дейін екі жарым шақырым жағалаудан 10 тоннаға жуық қоқыс жинады. Жағаның көркін бұзған қап-қап қоқысты арнайы техникаға тиеп, қоқыс алаңына жіберді. Өзіміз еңбек етіп жүрген қаланың тазалығына үлес қосу – міндетіміз,- дейді экологиялық акцияға қатысушылар.
АМАНДЫҚ СӘЛІМГЕРЕЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:
Өз жұмысшыларымды алып келп тұрмын. Өз еркімізбен жағалаудың бойын тазалауға өз күшімізді атсалысып жатырмыз. Жағаладағы артық шөптерді, ағаштарды тазартуға және де қоқыстарды тазалауға және Атырау қаласын тазалыққа шақырамыз.