Республикалық референдум күні ел бойынша 10 327 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. 12 млн-нан аса адам өз таңдауын жасауға құқылы. Қазір барлық өңірде саяси науқанға дайындық пысықталып жатыр. Ол туралы аймақтардағы тілшілер толығырақ айтады.
АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Шымкенттіктер референдумға сақадай сай десем қателеспеймін. Бүгіннен бастап кабиналар құрылып, урналарға дейін қойыла бастады.
Бұған дауыс беру учаскелерін аралап жүрген комиссия мүшелерінің өздері де көз жеткізді. Мегаполисте жаңа 14 учаске құрылған. Қала аумағында жалпы 344 референдум учаскесі бар. Оның 23-і жабық.
ҚАЙЫРБЕК ҚҰНАНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Толық дайын деп айтуға болады. Барлық материалдық-техникалық материалдармен қамтамасыз етілген барлығы. Тактикалық жолақтар дейміз, мүгедектігі бар азаматтарға арналған бұрыштар, оларға арналған кабиналар, трафареттер барлығы қазіргі уақытта жеткізілді. Біз тек қана енді 4-қазан күні әр учаскеге бюллетень беретін боламыз.
Шымкент қаласы бойынша 660 мың 563 адам дауыс беру мүмкіндігіне ие. Оның ішінде, басқа өңірлерден келген студенттер саны – 909 және 855 әскери қызметші тізімге енгізілді. Дәстүрге сай жасы 18 жасқа толған жастан бастап, ғасыр жасаған қарияға дейін әдеттегідей еліміз үшін маңызды науқанда өз таңдауын жасайды. Айта кетейік, елімізде 100 және одан да ұзақ жасаған 423 азамат бар. Соның 64-і Түркістан облысында адам тұрады.
АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Референдум өтетін күні қоларбаға таңылғандарды 28 Инватакси тасымалдайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек 65 сурдоаудармашы сұранысқа сай қызмет көрсетеді. Көру қабілеті төмен жандар үшін де барлық жағдай жасалған. Ал Павлодарда әзірлік қалай? Керекулік әріптесім Өзгеріс Қуанарды тыңдайық....
ӨЗГЕРІС ҚУАНАР,ТІЛШІ:
Павлодарда референдум учаскелерінде дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Дауыс беруге арналған кабинкалар қойылды. Қажетті заттардың барлығы әкелінген.
Өңірде 520 рефендум учаскесі жұмыс істейтін болады. Онда 3000-нан астам сайлау комиссиясының мүшелері қызмет көрсетеді. Қазір дауыс берушілердің тізімі бекітілді. Сайлаушыларға барлық жағдай жасалынбақ.
ГҮЛСІМ СҮЙІНДІКОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Барлық 520 учаске бірінші қабатта орналсқан. Онда пандустар, тұтқалар, тактильды бағыттаушы жолақтар сияқты қол жеткізудің элементтерімен жабдықталған. Барлық учаскелерде мүгедектерге арналған бұрыштар ұйымдастырылады. Онда компьютерлер, құлаққаптар, үлкейткіш әйнектер және референдум туралы материалдар қолжетімді форматта орнатылады.
Ал мүмкінділігі шектеулі жандар үшін арнайы құрал жабдықтар қойылады. Көзі нашар көретін сайлаушыларға трафариттер беріледі. Ал есту қабілеті төмен адамдарға 30 сурдоаудармашы мамандар тартылмақ.
ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Павлодар облысында референдумға қатысуға құқылы 505 мыңнан астам сайлаушы бар. Олардың барлығына рефендумға қатысуға шақыртулар жіберілді. Қызылордада дайындық қалай, әріптесім Мөлдір айтады...
МӨЛДІР ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Рақмет, Өзгеріс! Қызылордада жедел әрекет ету орталығының жұмысы қыза түскен. Олар күндіз-түні, үзіліссіз қоңырау қабылдауда. Тұрғындар мұнда 109 нөмірі арқылы кез-келген уақытта хабарласып референдумға қатысты сұрақтарына толыққанды жауап ала алады.
Мамандар оларға дауыс беру учакелерін анықтауға да көмектеседі. Айтуларынша, осы уақытқа дейін мыңға жуық қоңырау қабылдап үлгерген.
МҰҚАНҒАЛИ ТЕМІРХАН, "ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ ДИРЕКТОРЫ:
Сұрақтар жалпы түрде біз қалай дауыс береміз, референдум қандай мақсатта өтеді, референдумге пропискада жоқ тұрғындарды біз соларды бағыттап отырамыз. Арнайы көрсетілген орындар бар. Сол жерге барып тіркеле аласыздар. Мекен жайда тіркелмеген тұрғындарға арналған 5 референдум учаскесі қарастырылған.
Аймақта 380 референдум учаскесі бар. Олардың барлығы толыққанды дайын дейді мамандар. Мүгедектегі бар азаматтар үшін де арнайы құрылғылар қойылған. Және учаскелерде 48 ымдау тілінің маманы жұмыс жасайды. Ал оларды тасымалдауға 45 инватакси дайындалған.
ӘДІЛБЕК ЕРСҰЛТАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған. Кіре берістерде тісті жолақтар мен компьютердерде аудио дискілер қамтамасыз етілген. Осы күні 5 орталықта тіркеуде жоқ азаматтар өзінің тіркеу аумағы бойынша тіркеуде тұруға толық сервистік қызметтер көрсетіледі.
МӨЛДІР ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Облыс бойынша дауыс беруге құқылы 492 мыңнан аса азамат бар. Даусы беру күні олардың белсенділігін арттыру мақсатында ең алғаш болып келген және ең жас дауыс берушіге сыйлықтар үлестірілетін болады.