Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейде 60 мыңнан аса қазақ студенті білім алады

«Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі». Мемлекет басшысы «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясында осылай деді. Елдегі өзгерістер туралы айтып, жетістіктерге тоқталды. Мұндағы ең басты жаңалық – Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай норма посткеңестік елдердің, тіпті одан тысқары мемлекеттердің ешқайсысында жоқ, - дейді. Президент Қазақстан мен Ресей байланысы туралы да айтуды ұмытпады. Қос тарап, әсіресе, білім саласы бойынша тығыз қарым-қатынаста. Қазір Ресейде 60 мыңнан аса қазақ студенті оқиды. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі. Әділдікке қашан да, қай жерде де мұқтаждық бар. Біздің елде де солай. Қолға алған реформаларды іске асыру қаншалықты қиын болса да, діттеген мақсатымызға жетпей қоймаймыз. Оны ешкім тоқтатпақ тұрмақ, бағытынан жаңылдыра алмайды.