Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жастар рухы» белсенділері «Есіктен есікке» акциясын ауыл тұрғындары арасында өткізді

Қостанайда "Есіктен есікке" акциясы жалғасып жатыр. "Жастар рухы" жастар қанатының өкілдері Заречный ауылына ат басын бұрып, тұрғындар арасында түсіндірме қағаздарын таратты. Штаб белсенділері халықты алдағы референдум науқанына белсенді қатысуға шақырды. Қазір өңірдегі бұл жұмысқа 190 белсенді жұмылдырылған. Олар жергілікті әкімдік белгілеген жерлерге арнайы плакаттар іліп, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 

РУСЛАНА КАРПЫКОВА, ШТАБ БЕЛСЕНДІСІ:

Бүгін халықтық штаб мүшелерімен бірге, лифлеттер таратып тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын өткіздік. Мұндай акцияларға үнемі атсалысып келеміз. Үгіт-насихат парақшаларын да жапсырып жүрміз.

Ал Өскеменде «Amanat» партиясының өкілдері мен еріктілер қаладағы ірі сауда орталықтарында халыққа үнпарақтар таратты. Алдағы саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді. Жастарды атом энергетикасы саласындағы мамандықтар қызықтырса, үлкендер жағы экологиялық қауіпсіздік туралы сұрақтарына жауап алды. Айта кетейік, Өскемен Үлбі металлургиялық зауыты 75 жылдан бері атом энергетикасы саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Бұл -бейбіт атомды бейбіт мақсатта пайдаланудың бір мысалы. 

РУСЛАН ИСРАИЛОВ,  М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ №17 МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ:

Ел жастары үшін жаңа мүмкіндік ашылып жатыр. Жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Сондықтан әрбір тұрғын алдағы науқаннан қалыс қалмауы қажет. Бұл - біздің борышымыз. Белсенділік танытып, ел болашағы үшін дауыс берейік. Сонда ғана еліміз алға қарай дамиды.