Русский Сайттың толық нұсқасы

ТМД елдерінде екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды акция өтуде

Келер жылы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске 80 жыл толады. Осыған орай қазір ТМД елдерінде ауқымды акция өтіп жатыр. 20 тамыз бен 2 қазан аралығына жоспарланған іс - шара Алматыда қалалық әкімдіктің қолдауымен қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Елімізге Ресей мен Беларусь жерінде ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың ескерткішінен арнайы капсула жеткізілді. 

Іс- шара Алматыдағы 28 гвардиялық панфиловшылар атындағы паркінде өтті. Акцияға ТМД елдерінен келген қонақтар, қала әкімдігі мен ардагерлер қатысты. Басты мақсат -егемен ерлік жасаған ерлердің есімін ел есінде сақтау.

БАҚТЫҚОЖА ЕСМҰХАМЕТОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл үлкен сұрапыл соғыста ең алдымен қиыншылықта көрген, сол соғыстың көп азабын тартқан совет үкіметі болды. Осы жеңістің арқасында тек қана совет одағының ғана емес Еуропаның көптеген ондаған елдерін фашизмнен құтқарды. Үлкен осындай іс- шара өтті. Жалғасын мынау үлкен мұражайда елімізге белгілі мұражайда, тарихи мұражайда өткізіп, көптеген қатысып отырған адамдарға мәліметтер берілді.

Брест қамалын қорғауға қатысқан қазақстандықтардың көбінің сүйегі Беларусь жерінде қалды. Сондықтан олардың ескерткіштерінен әкелінген топырағы бар капсуланың елге жеткізілуі ерекше маңызды.

ЮРИЙ ЛУЦЫК, БЕЛАРУСЬ АРДАГЕРЛЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз бұл жерді табыстау арқылы бірінші кезекте жастарға, тұрғындарға түсіндіргіміз келеді. Біз барлығымыз бірге фашистерді жеңгенімізді. Мұны ұмытуға болмайды. Себебі бұл бізге қанмен, термен келген жеңіс. Барлықтарыңызды жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын.

Капсула табысталғаннан кейін қонақтар Армия үйіндегі қарулы күштер мұражайымен танысты. Ал іс-шараның келесі күні халықаралық ғылыми-конференциямен жалғасты.