Русский Сайттың толық нұсқасы

“Кез келген маңызды шешімді халық қабылдайды” , - депутат

Кез келген маңызды шешімді халық қабылдайды, Мемлекет басшысы да осыған мән беріп отыр. Көкшетаулықтармен кездесуде Мәжіліс депутаттары осылай деді. Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб Ақмола облысының орталығындағы тұрғындармен және қызметкерлермен жүздесіп, 6 қазанда өтетін референдумның маңызын түсіндірді. Оған қоса қаладағы өндіріс орындары мен қызметтік мекемелердің мамандары, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің мүшелері қойған сұрақтарға жауап беріп, әр азаматтың дауысы ел ертеңі үшін маңызды екенін жеткізді. 

АЙНА МЫСЫРӘЛІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі күнде Президенттің тапсырмасы ол халықтың үнін естуге деген сондай тұжырымдамасы, концепциясы іске салынып жатыр. Ол тақырып біздің Қазақстанымызға өте стратегиялық маңызы бар, маңызы зор сұрақ. Бүгін бүкіл ақпарат беріліп жатыр, естіп жатырмыз. Бүкіл біздің қорқыныштарымыз ол ақпарат дұрыс бермегеннен… Ойлаймыз енді халықызым дұрыс шешімге келеді деп.