Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда патрульдік полицейді көлік қағып кетті

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2024
  • 178

Атырауда жол қозғалысын реттейтін патрульдік полицейді көлік қағып кетті. Тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған оқиға туралы ақпарат әуелі әлеуметтік желіде тарады. Атырау облысының полиция департаменті бұл ақпаратқа түсініктеме берді.

«30 қыркүйекте сағат 18:40-та Toyota Corolla маркалы автокөлік жүргізушісі Қ.Сәтпаев пен Ерниязов көшелерінің қиылысында өзінің қызметтік міндеттерін атқарған патрульдік полицейді қағып кетті. Оқиға салдарынан полицей түрлі жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады полиция.

Облыстық ПД полицейдің жарақат алғанын хабарлап, жол-көлік оқиғасы туралы іс бойынша тиісті құжаттарды жинау жүріп жатқанын атап өтті.

«Сараптама нәтижелеріне сәйкес іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Жүргізуші күн сәулесінің әсерінен жол қозғалысын реттейтін полицейді байқамағанын және болған оқиғаға өкінетінін айтты», - деді ведомстводан