Русский Сайттың толық нұсқасы

“Ақша керек”: Боксшы Назым Қызайбай сыйға алған көліктерін сатып жатыр

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2024
  • 129

Бокстан 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай өзіне сыйға берілген көліктердің екеуін сатуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париждегі жеңісінен кейін демеушілер спортшыға үш темір тұлпар сыйлаған болатын. Назым Zeekr мен Mini Cooper көліктерін сататынын айтты.

Назым Қызайбай қаржылық қажеттіліктеріне байланысты осындай шешім қабылдағанын жеткізді. Сонымен қатар, ол үш көлікті бірден қолдануға мүмкіндігі жоқ екенін де атап өтті.

Еске салақ, Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға 3 бөлмелі пәтер берілген болатын.