Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ жастарының арасында діни сауатсыздықтың орын алып отырғанына алаңдады

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2017
  • 2814

Біздің жастарымыз білімсіздіктен сақал қойып, балақтарын кесіп, қыздарымыз қара жамылып жүр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерін қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ жастарының арасында діни сауатсыздықтың орын алып отырғанына алаңдады. Бұған заңмен тыйым салу қажеттігін айтты.

Президент қазақтардың ықылым заманнан Әбу Ханифа мазхабымен келе жатқанын айтып, исламның осы бағытын түсіндіре алатын мамандарды дайындау керектігін көтерді. Тек білімді имам ғана ағартушылықпен айналыса алады. Имамдар сөзге шешен ғана болып қоймай, адамның психологиясын да білуі тиіс, деп атап өтті Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Соңғы кезде өрімдей жас жігіттер сақалын сапситып, балақтарын шорт кесіп келеді. Беттерін тұмшалап бүркеп қап қара көйлек киген қыздардың қатары көбейді. Бұл біздің ұлтымызға да, сана сезімімізге де дәстүрімізге де келмейді. Қазақта қара кию кісі өлгенде киеді, қара жамылады. Әрине, өзіміздің не кисек те, бостандығымыз бар дейді ғой. Ол басқа нәрсе. Шариғатта да жоқ. Біз дінімізбен бірге ұлттық дәстүрімізді мықты ұстауымыз керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ