13 жасар бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
1 қазанда Железин ауданындағы мектептердің бірінде 5-сынып оқушысы ойыншық тапаншаны сөмкесінен шығарып, сыныптастарына көрсетіп жатқан кезде байқаусызда ойыншық оқпен 6-сынып оқушысының көз аймағына тигізген. Үзіліс уақытында орын алған оқиға туралы облыстық білім беру басқармасы мәлім етті.
– Аталмыш факті бойынша дереу қызметтік тергеу ашылды. Нәтижесінде оқушылар және ата-аналармен әңгіме жүргізілді. Балаларыңызды мектепке жібермес бұрын сөмкесіндегі қалталарда тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруді сұраймыз! – деді басқармада.
Зардап шеккен оқушы алдымен аудандық ауруханаға, кейіннен облыстық ауруханаға жеткізілді. 13 жасар баланы травматология бөлімшесінің кезекші офтальмолог дәрігері қарап шықты.
– Көз алмасының көгеруі диагнозы қойылды, жағдайы тұрақты, – деді облыстық балалар ауруханасында.
Оқушының тұрғылықты жері алыс екенін ескере отырып, динамикалық бақылау үшін офтальмологиялық бөлімшесіне жатқызылды.