Русский Сайттың толық нұсқасы

Доллар арзандай бастады

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2024
  • 203

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1 теңгеге төмендеп, 480,11 теңге болды. 

 Ұлттық банктің 1 қазандағы ресми бағамы -481,19 теңге.

kurs.kz ақпаратынша,  Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 480,13 теңге, сатылымы 481,60 теңге болды.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,98 теңгеден сатып алынып, 482,00 теңгеден сатылуда.