Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықтық штаб белсенділері үгіт- насихат парақшаларын таратуды жалғастыруда

Референдумға санаулы күн қалды. Түсіндіру жұмыстарына жастар белсенді араласуда. Қазір Қарағанды облысының халықтық штабының белсенді жастары күн сайын сауда орталықтары мен көшелерде үгіт - насихат парақшаларын таратып жатыр. Бұл материалдар Референдум туралы. Халықтың бенсенділігі мен қызығушылығы жоғары, ақпаратты мұқият тыңдайды, - дейді белсенділер. 

Оспан АҚАНСЕРІ, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:

Осы ірі сауда орталықтарында, халық көп жүретін жерлерде, автобустарда халыққа ақпарат беріп, олардың қойған сұрақтарына жауап беру арқылы еліміздің дамуына ат салысуына шақырамыз.

Алматылықтыдағы халықтық штат белсенділері де үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Қаладағы адам көп шоғырланатын, ірі сауда орталықтарында және есіктен есікке акциясы арқылы тұрғын үйлерді аралап, үн парақтарды таратуда. 

ӘКЕЖАН КЕҢЕСОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Агитациалық жұмыстардың үгіт насихат жұмыстарының негізгі мақсаты жалпы қала тұрғындарына референдум жөнінде түсіндіру және қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беру бойынша белсенділер қарқынды түрде жұмыстарын жалғастыруда.Өздеріңіз білесіздер осы 4-ші қазан күні үгіт насихат жұмыстарының соңғы күні. Сондықтанда осы аптада осындай үгіт -насихат жұмыстарын тарату бойынша белсенді жұмыс жасала беретін болады.