Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарулы күштердің 25 жылдығына орай Астанада ауқымда әскери парад өтеді

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2017
  • 3887

Астанада Отан қорғаушылар күні қарсаңында ауқымы жағынан бұған дейін болмаған ерекше әскери парад өтеді. Қарулы күштердің жиырма бес жылдығына арналған шараға түрлі әскери құрылымдардан 5 мыңнан астам сарбаз қатыспақ. Шеруге 300-ге тарта әскери және әуе қорғаныс күштерінің 80 бірлік авиациялық техникасы шығарылады. Шерудің тағы бір ерекшелігі - Қарулы күштердің ардагерлері мен «Жас ұлан» әскери мектебінің дауылпазшыларының қатысуы болып отыр.

Дулат Әдірбеков, полковник:

Қарулы күштердің құрылғанынан бастап болған ардагерлер де біздің парадты бастап өтеді. Дәстүр бойынша әскери техникалық колонна өтеді. Оның ішінде 2016-2017-ші жылғы жаңадан келген техника болады.

Қазір әскери шеруге қатысатын 5 мың сарбаз күнделікті алты сағат бойы дайындықтарын пысықтайды. Өңірлерден келген жасақтарға мұнда арнайы құрылған палаткалар қарастырылған. Сарбаздар техникаларды да дайындап жатыр. Парадқа әскери саладағы 150 қыз-келіншек те қатысады.

Әсел Ізмаханова, радио-телефонист:

Дайындық қызу үстінде қазіргі таңда қыз балаларға қиын емес. Себебі бұл менің мамандығым таңдаған. Үйрендік, бүгін міне үшінші апта - қиын емес. Әскери әйелдердің қорабы өте жақсы баға алуда. Дайындыққа әлі екі аптадай уақыт бар. Бұдан да керемет баға аламыз деген үміттемін.