Русский Сайттың толық нұсқасы

Балалар төбелесіп, біреуінің басы жарылған: Астанада балабақша тәрбиешісі жұмысынан айырылды

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2024
  • 134

Астанадағы «Медина» балабақшасында кішкентай балалар төбелесіп, біреуінің басы жарылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көктал ауданындағы балабақшада екі кішкентай бала төбелесіп, біреуі екіншісін темір орындықпен ұрып жіберіп, басын жарған.

«24 қыркүйекте балабақшаға 4 жасар баласын апарған анаға тәрбиешілер хабарласып, баласы баспен құлағанын айтқан. Ол оқиға орнына келсе, баласының басы жарылған. Кейін жедел жәрдем шақырып, оның жарасын тіктіреді. Балабақша әкімшілігі баланың анасына шу көтермеу үшін ақша да ұсынған. Ашынған ана әділдік талап ету үшін ақшадан бас тартады. Себебі, баласы соққы алғаннан кейін сөйлемей қойған. Кейін отбасы мен балабақша әкімшілігінің арасында кикілжің туып, әкімшілік баланың үлкен ағасын балабақшадан шеттетіп тастайды. Сондай-ақ баланың анасына қарсы арыз жазылатынын айтып, қорқытады», - деп жазды дереккөз.

Бұл оқиғаға қатысты Астананың білім басқармасы жауап берді.

«Аталған мекеме жартылай мемлекеттік білім беру тапсырысы берілген жекеменшік балабақша. Бүгінгі таңда балабақша тәрбиешісі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 49-бабына сәйкес 2024 жылдың 25 қыркүйегінен бастап жұмыстан босатылды», - делінген хабарламада.