Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақын-жазушыларға грант берілді

Астанада ақын-жазушыларға грант берілді. "Алтын қалам" атауымен өтен шараны өткізуге қала әкімдігі мұрындық болды. Қаламы алтын зиялы қауым өкілдері Астананың рухани өркендеуіне, мәдениеті мен әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Нұрлан Қалқа да сол жолда аянбай еңбек етуде. Оның әр жазған өлеңі, шығармасы жастарға шабыт сыйлайды.

НҰРЛАН ҚАЛҚА, АҚЫН:

Мынау жазушыларға зиялы қауым өкілдеріне деген бір үлкен демеушілік. Өйткені көбінесе бізде енді басым көпшілігі зейнетте ғой көбісі бір зейнетақымен отыр. Одан кейін бүкіл күш қуатын білімін тәжірибесіннің бәрің жаңа шығармалар жазуға арнап отыр. Сондықтан да осылай қолдап, материалдық жағынан қолдап отырғанына біз ризашылығымызды білдіреміз.

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жалпы шығармашыл адамына соның ішінде ақынға жазушыға ондай қолдау керек. Жалпы енді біздің сөзді сөйле деген сөз емес. Біздің мемлекетіміздің жақсы сүйіншілік дүниелерін жарқыратып көрсетуге қалам иелерінің еңбегі зор.

Арнайы сыйлыққа одаққа мүше 180 ақын-жазушы ие болды. Сыйлықты Астана қаласы әкімінің орынбасары Байкен Есет табыстап, құттықтады. Оның айтуынша, жазушыларды қала басшылығының ресми құттықтауы биыл екінші рет өткізіліп жатыр. Бұл ақындар мен жазушылар деген үлкен құрметіміз дейді.

СӘКЕН ЕСІРКЕП, ҚАЛАЛЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Былтыр 165 қаламгерге арнайы стпендия берілсе 500 мың теңге көлемінде. Биыл ол қаламгерлердің саны 180 болды. Осы қаламгерлермен, зиялы қауыммен байланыс өте дұрыс жолға қойылған.

Айта кетейік, салтанатты шараның өтуіне қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мұрындық боп отыр. Бұдан бөлек, Қазақстан жазушылар одағы мүшелерінің форумы да өтіп тұрады.