Русский Сайттың толық нұсқасы

«Үй тапсырмасын дұрыс орындамаған»: СҚО-да анасы пышақтап тастаған қыз үйіне оралды

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2024
  • 306

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында анасы пышақтап тастаған 11 жасар қыз үйіне оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еске сала кетсек, СҚО-да үй тапсырмасын дұрыс орындай алмаған қызын туған анасы пышақтап тастаған еді. Қыз аудандық ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер оған ота жасап, жағдайы тұрақтанғаннан кейін Петропавлға жіберді.

Жеті күннен астам жас науқас көпбейінді облыстық балалар ауруханасының стационарында болды. Бірнеше күн бойы ол дәрігерлердің үнемі бақылауында болды. Кешенді емдеу қыздың қалпына келуіне көмектесті.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқас ауруханадан шығарылған. Ол заңгерлердің қатысуымен заңды өкілдерге берілді.

Жәбірленушінің анасы тәрбиеден шеттетілген. Әйел Ақмола облысына ата-анасына кетті. Жәбірленушінің отбасы атасы мен әжесімен бірге тұрады. Олар алты баланы тәрбиелеп отыр. Ешқандай есепте тұрған жоқ. Үш бала, оның ішінде зардап шеккен қыз да мектепте оқиды. Бір бала жергілікті шағын орталыққа барады. Анасы қызын пышақтап тастаған сәтте әкесі үйде болмаған.