Русский Сайттың толық нұсқасы

“Ақбота-Нұр бұл қызға дейін болды“. Танымал актер Ермек Шынболатов үйленді

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2024
  • 106

Көрерменге "Дәстүр" фильмі арқылы танылған қазақстандық актер Ермек Шынболатовтың тойы Алматыда өтті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында Түркияда Ақбота-Нұрмен жаңа фильмге түскен актерді сол фильмдегі кейіпкермен қосқандар көп болып еді. Актер қауесетке нүкте қойып, үйленгенін жариялады. 

Актердің өнердегі емес, өмірдегі жұбы – Шымкент қаласының тұрғыны. Бұл туралы Revue бағдарламасында айтылды. 

Ермек Шынболатов тойды достарымен бірге ұйымдастырған. Өнер иесінің қуанышына 350 адам келіпті. Оның айтуынша, осы маусымда алған гонорарының бәрін той шығындарына жұмсаған. 

Ермек Шынболатов желіде сынға қалып, қызу талқыға түсіп жатқан Ақбота-Нұрмен сүйіскен сахна туралы да айтып берді. 

"Ақбота-Нұрмен болған ол түсірілім бұл қызға дейін өтіп кеткен. Жай ғана фильмнің жарыққа шығуы менің тойыммен тұспа-тұс келіп қалды. Әрине, оңай емес, қызғанады, басқасы бар. Бәрін өз арамызда шештік. Жақсы көрген адам бәрін жеңеді", – деді актер.