Сенат «Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады. Депутат Сәкен Арубаевтың айтуынша, заң биологиялық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам. Ол жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау, аса қауіпті аурулардың зертханалық диагностикасын жетілдіру және осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумақтарын эпизоотиядан қорғау жөніндегі күш - жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.
СӘКЕН АРУБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Келісімді ратификациялау биологиялық материалдармен алмасуды халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес реттей отырып, ғылыми мекемелердің шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылы үшін құқықтық базаны қамтамасыз етеді. Бұл келісім ҚР заңнамасына, ратификациялаған халықаралық шарттарға және ҚР қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.