Тағы бір қазақстандық ғарышты бағындыруы мүмкін. Қазір төртінші ғарышкерді ұшыру үшін тиісті мемлекеттермен келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов ғарышкерді дайындау мәселесі талқыланып жатқанын айтты. Қазақстанда ғарышкерлерді дайындайтын оқу орны жоқ. Сол себепті нақты шешім шықса, белгіленген адам ғарышқа АҚШ немесе Ресейдің арнайы бағдарламасы арқылы ұша алады. Әзірге нақты кімнің аттанатыны жайлы ақпарат жоқ.