Русский Сайттың толық нұсқасы

Полиция қызметкері 87 жастағы зейнеткердің 2 миллион теңгесін ұрлап кеткен

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2024
  • 301

Орал қаласында полиция қызметкерлері 87 жасар зейнеткерден 2 миллион ақша ұрлаған ұрыны ұстады, деп хабарлайды Astana TV.

Полиция қызметіне егде жастағы әйел хабарласып, пәтерінен ірі көлемде ақшаның ұрланғаны туралы хабар түсіреді. Анықталғандай, әйел аулаға шығып, кіре берістегі еденді ақшаға жуып беру ұсынысымен өтіп бара жатқан әйел мен ер адамға жақындайды. Содан әйел іске кірісіп, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанда, оның қасындағы ер адам егде әйелдің пәтерінің есігі ашық екенін көріп, пәтерге кіріп, үйден зейнеткердің бар жиған-тергенін жымқырып кетеді. 

Тазалау жұмыстарын аяқтап, пәтерге кірген әйел ақшасының жоғалғанын байқап, дереу полицияға хабарлайды. Полиция қызметкерлері «оқиға ізін суытпай» күдіктіні қолға түсірді. Ол бұрын сотты болған Орал қаласының 46 жасар тұрғыны екені анықталды. 

Қылмыс орнында қалған айғақтар оның ізіне түсуге көмектесті. Ол криминалистикалық есепті тексеру кезінде ұсталған адамның деректерімен сәйкес келген.

Ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.