Русский Сайттың толық нұсқасы

Көршілер бір самаурын үшін соттасты

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2024
  • 270

Шығыс Қазақстан облысында екі көрші бір самаурын үшін соттасты. Ер адам көршісінің самаурынын пайдалануға сұрап, кейін оны жоғалтып алған. Басында не деп айтарын білмей, көршісінен қашып жүріпті. Тіпті, қоңырауына жауап бермеген. Оның әрекетіне шыдамаған  әйел оны сотқа берген, деп хабарлайды Astana TV.

"Шығыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, арызданушы өзінің танысына отбасылық құндылыққа айналған самаурынын пайдалануға бере тұрады. Бірақ танысы затты қайтармайды, тіпті сөйлесуден қашып, көзге түспей жүрген. Самаурынның иесі сотқа шағымданған. Айтуынша, ол отбасылық құнды жәдігерді әке-шешесі мен әжесіне айтпай, сұраған көршісіне беріп, қайтарады ғой деп жүрген. Жауапкер сотта самаурынға мереке кезінде шай қойып, содан жоғалып кеткенін айтқан. Тойға келгендердің бәрінен сұрап шыққан, бірақ таппаған", - делінген хабарламада.

Сотта екі тарап медиациялық келісімге келді. Жауапкер арызданушыға жоғалған самаурынмен бірдей самаурын сатып алып беретін болды.