Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,90 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 481, 84 теңге.
Ұлттық банктің 4 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 482, 86 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,08 теңге.
Еуро – 533, 17.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 481,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 483,5 теңге. Еуро 530,5 – 534,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 480 теңге, сатып алу құны – 484 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,05 – 5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.