Референдумда дауыс беру үшін қазақстандықтар 5 мыңнан астам есептен шығару куәлігін алды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында айтылды. Сайлау күні әр азамат қай учаскеде тіркелгенін тексере алады. Олардың саны ел бойынша 4,5 мыңнан асады. Дәл осы бағытта құзырлы мемлекеттік органдар бірлесіп, бірқатар онлайн-сервистерді іске қосты. Олардың жұмысы Егов.kz мемлекеттік порталының басты беттерінде және әртүрлі мобильді қосымшаларда жүзеге асырылады.
НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
4622 референдум учаскесінде азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді тексеруге болады. Және 196 референдум учаскесінде республика бойынша азаматтарды референдум учаскелерінің мекенжайлар бойынша тіркеп, тіркеуі жоқ азаматтарға дауыс беруге толыққанды мүмкіндік беру. Осындай жағдай жасалып отыр. Сол себепті ІІМ, Цифровизация министрлігіне үлкен алғыс білдіремін.