Русский Сайттың толық нұсқасы

"Егер АЭС салынса, жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді", - Д. Исабеков

Егер елімізде атом электр станциясы салынатын болса, ол жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді. Депутаты Данабек Исабеков осылай деді.  Мәжілісменнің айтуынша, дамыған технология арқылы жасалған дүние экологиялық тұрғыдан да таза болмақ. Қазір елде көмір жылу электр станциялары көмірқышқыл газын шығарып, айналаны ластауда. Мемлекетте экологиялық жүктемені азайту қазіргі таңдағы ең маңызды шара. 

ДАНАБЕК ИСАБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз енді конвенцияға қол қойғанбыз. 2060 жылға дейін көмірмен жағылатын станцияларды арылтуымыз керек. Өйткені экологиямызға әсері өте үлкен. Біз сол жүктемені түсіруіміз керек ең басты біздің мәселе. Қазіргі таңда жылу электр станцияларымен көмірменен біз пайдаланып жатырмыз. Оның 70 пайызының тозығы жеткен.