Русский Сайттың толық нұсқасы

Өндіріске электр қуатының тұрақтылығы маңызды

Электр қуатының тұрақты берілуі өндіріс қарқыны мен дайын өнімнің бағасына әсер етпек. Орал трансформатор зауыты жұмысшыларының айтуынша, бұл іс жүйеге қойылса экспорт көлемін арттыруға болады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 12 мың трансформатор шығаруға есептелген. Бұл өнімдер мұнай-газ, энергетика және темір жол саласында сұранысқа ие. Бүгінде кәсіпорын трансформатор құрастыруды заман талаптарына сай қылып, жолға қойған. Бірақ бұл үшін электр қуаты үздіксіз берілуі тиіс, дейді жұмысшылар. 

НҰРБЕРГЕН КӘРІМОВ, ОРАЛ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Біздің зауыт үш ауысым бойынша күндіз-түні толассыз жұмыс істейді. Италияда шығарылған станоктар электр қуатын көп пайдаланады. Бізге бұл қондырғылардың тоқтамай жұмыс істеуі өте маңызды. Өндірісте іркіліс болмаса, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамытып, экспортты ілгерілетері анық.