Русский Сайттың толық нұсқасы

"Беташарда салынған көрімдік шаңырақ көтерген жас отаудың еншісі болуы тиіс", - Н. Қалқа

"Келін келді көріңіз, көрімдігін беріңіз". Соңғы уақытта беташар жасау бизнеске айналып бара жатқандай. Қайда барсаңда көрімдік саларда бәсекелестік. Тіпті, трендке айналды. Бұл мақтаншақтық емес па? Салттың о бастағы мәні қандай еді? Әріптесім Дәрібек Бахытбек зерттеп көрді. 

ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Келінжан басыңды иіп бір сәлем бер оооу
Қадірлі Дәрібектей қайын ағаң ай оууууу
Ал, келінжан Дәрібектей қайын ағаңа бір сәлем сал...
20 мың, 30 мың, 40 мың теңге. Сонау Астанадан келгенде аямай салар оооооо 100 мың теңге.

Мақтаса болды, осылай қалтамда соңғы тиын болса да, барымды салам. Бұл әдетімді қоя алар емеспін.

Қазір қай беташарды қарасаңда бәсекелес.

Жаһангер Алдан айына кем дегенде 15 келіннің бетін ашады. Айтуынша, халықтың өзі шоу қылып өткізуді сұрайтын көрінеді.

ЖАҺАНГЕР АЛДАН, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ:

Бәсекелестік қатты боп кеткен. Кей уақытта біз бет ашып жатқан кезде бірінің атын айтып жатсақ бірі келіп көбірек ақша салып, одан асырып ақша салып кейде сондай моменттер болып жатады. Шоу бағытты жалпы халық қолдайды. Шоу бағыт қазір заманның талабына сай болғандықтан кейде екі үш еселеп ашқан беташарымыздың бағасынан екі үш еселеп беріп жататын кездер болады.

Ал, мәдениеттанушылардың айтуынша, қалталы азаматтардың жарыса ақша салып жататыны дұрыс емес. Ежелден келе жатқан дәстүріміздің бағыты басқа дейді.

БЕРДАЛЫ ОСПАН, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ:

Жалпы беташардың маңызы, құндылығы сол бетті ашқан ақын келінге көптеген ақыл нақыл айтады. Ал, қазіргі кезде сол астамгершіліктер болып жатыр. Оны тойда көреміз кейбіреулер тоқтап тұрып алады да бір ақшаны салады, екінші ақшаны салады, үшінші ақшаны салды. Енді ол мақтангершілік.

Қазір келінге берілген көрімдікті көп жерде асаба иеленеді. Нұрлан Қалқа бұл шаңырақ көтеріп жатқан жас отаудың еншісі болуы тиіс дейді.

НҰРЛАН ҚАЛҚА, АҚЫН:

Асабалардың ол енді өресіне байланысты деп ойлаймын. Дәстүрімізді сақттауымыз керек. Жанағы ақшаға құныққандық ол дұрыс емес деп ойлаймын. Осыны тиюуымыз керек.

Әрине әр дәстүрдің мәйекті мәні, мәуелі мағынасы бар. Тек беташардың қадірін кетірмей, құнын аласартпай келер ұрпаққа бұзылмаған түрде жеткізуіміз тиіс.