Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейге адыраспан апарған қазақ азаматтары қамауға алынады

Бізде жаңадан түскен келінді адыраспанмен аластау дәстүрі бар. Біз оны емдік мақсатта да пайдаланамыз. Ал көрші елдерде бұл шөп биылдан бастап елде тыйым салынған өсімдіктер тізіміне енді. Өйткені құрамында есірткі болуы мүмкін деп тұжырым жасаған. Бүгін Ресейге Адыраспан тасымалдаған Қазақстан азаматтары ұсталды. Күдікті енді жиырма жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Толығырақ Аружан Задабек айтады. Эфирде – «Жер-жаһан» айдары. 

Адыраспаннан бастайық. Бұл өсімдікті біз ерекше бағалаймыз. Келін түссе де, бала туылса да шөпті тұтату қанға сіңген. Ауырып, денем сырқыраса да түтінін иіскеп, үйді аластаймыз. Ресейліктер оның құрамында гармин атты галлюциногенді зат бар болғандықтан оны есірткі ретінде пайдалануы мүмкін деп санайды. Қазір онда адыраспан алып келген қазақстандықтарды ұстау жиілеген. Кемінде бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал, аса ірі мөлшерде тасымалдаса 8 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ресей адыраспанмен күрессе, ұлыбританиялықтар кішкентай нәрестелермен алысып жатыр. Онда жаңа туған сәбилерді генетикалық ауру бар ма, жоқ па, соны анықтау үшін скринингтен өткізіп жатыр. Қазірдің өзінде 100 мыңнан аса баладан алынған. Бұл әлемдегі бірінші тәжірибе. Сондықтан болар, ата-аналар бұған келісімін бермей жатыр. Бүлдіршініне қауіп төнеді деп қорқады. Жай ғана пайда табудың бір тәсілі дейді. 

ДОМИНИКА НАНУС, ТҰРҒЫН:

Бұл ақылға қонымсыз. Эмилиядан 200 түрлі генетикалық тест алды. Бұл балаға қауіпті болуы мүмкін.

Ал Аргентинада су жануарлары жаппай қырылып жатыр. Өйткені, балық аулайтындар құралдарын теңіз жағасына жиі қалдырып кетеді. Оның қалдықтары қалдықтары теңіз жануарларын тұншықтырып жатыр. Адам денсаулығына да қауіп төнуде. Аргентинаның Атлант мұхиты табиғи сұлулығы бойынша ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енген. Теңізге лақтырылған жәшіктер мен торлар қазір көрікті құртып тұр. 

ДИЕГО ГОНСАЛЕС СЕБАЛЛОС, БИОЛОГ:

Бұл пластмассалар - адам ағзасында да, теңізге де кері әсірін тигізеді. Түрлі ауру мен вирустарды тудырады. Теңіз жануарларына қатты зиян келіп жатыр. Химиялық қатері көп.

Табиғи апаттарға тоқталсақ. АҚШ-та 26 қыркүйекте бастап соғып жатқан "Хелен" дауылынан көз жұмғандар саны 221 адамға жетті. 200-ден астам тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Билік зардап шеккендерге көмек көрсетуге тырысып-ақ жатыр. Елдің Қорғаныс министрлігінің сайтында Солтүстік Каролина аймағына 45 мың келі гуманитарлық дәрі-дәрмек, азық-түлік, жанармай жеткізілгені туралы ақпарат жарияланды. Бұдан бөлек, апат аймағына 6700 сарбаз жіберілген.

ДЖО БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Хелена дауылы ең күшті дауылдардың бірі болды. Флорида мен Джорджияда ғимараттардың шатырлары жұлынып, үлкен ағаштар электр желілеріне соқтығысқан. Жарық сөнді, үйлер қирап жатыр. Адамдар жақындарын жоғалтып жатыр.