Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық құндылық - бала тәрбиесінің қайнар көзі

Ұлттық құндылық - бала тәрбиесінің қайнар көзі. Астанадағы "Astana English School" халықаралық мектебінде оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту бойынша іс-шара өтті. Бастауыш сыныптар арасында өткен шара ұстаздар күніне орай ұйымдастырылды. Оқушылар қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, киім үлгілері мен бұйымдарының мән-маңызын түсіндірді. Сондай-ақ интеллектуалды ойындар арқылы ой-өрісін дамытты. Шара барысында мұғалімдер оқушылардың бойында ұлттық кодын сақтай отырып, заман талабына сай білім беру мәселесін талқылады. 

АЖАР ЫСҚАҚОВА, № 81 "ASTANA ENGLISH SCHOOL" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ең бірінші халықаралық стандарт бағдарламасымен жұмыс істеген кезде тек ғана оқушылардың бойында әлемдік деңгейге шығу үшін өзіміздің құндылығымызды қалыптастырып,содан кейін әлемдік деңгейдегі кез келген ұлттың құндылығын дәріптеуге, оны құрметтеуге тәрбиелейміз.