Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысындағы мектепте оқушыны пышақтап кеткен

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2024
  • 76

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжан ауылындағы мектепте жасөспірім пышақталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жараланған оқушы облыстық ауруханаға жатқызылды.

Ол қазір хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр, жарасы тігілген.

Облыстық полиция департаменті күдіктінің анықталғанын, оның да кәмелеттік жасқа толмағанын хабарлады.

"Қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін ол ата-анасының кепілдігімен босатылды. Қазір күдіктінің жасы ескеріліп, оның ата-анасы жауапқа тартылуда", – делінген хабарламада.

Жасөспірім профилактикалық есепке алынып, құжаттары кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберіледі.