Русский Сайттың толық нұсқасы

200 адам қайтыс болып, жүздеген адам із-түссіз жоғалған

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2024
  • 241

АҚШ-тың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі "Хелен" дауылы орасан шығын әкелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 200-ден астам адам қайтыс болып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Astana TV.

Америка басылымдарының мәліметінше, құтқару қызметтері күн сайын жолдарды тазалап, зардап шеккен аймақтарға азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Оңтүстік Каролина штатына 2 қазанда сапармен барған президент Джо Байден дауылдан зардап шеккен аймақтарға мыңға жуық әскери қызметкер жіберуге рұқсат берді. Ал 3 қазанда ол Флорида мен Джорджия штаттарына барды, деп хабарлады "Америка дауысы".

Ақ үйдің хабарлауынша, әскери қызметкерлер азық-түлік, су және басқа да қажетті ресурстарды жеткізу жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар, апат аймақтарында 12 штаттан жиналған 6 мыңнан астам ұлттық гвардия қызметкерлері жұмылдырылған.

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі Алехандро Майоркастың айтуынша, болашақта тағы да дауыл болса, федералдық деңгейде көмек көрсету күрделене түсуі мүмкін. Оның сөзінше, Байден әкімшілігі аймаққа 8,8 миллион тамақ ыдысын, 7,4 миллион литр су, 150 генератор және 225 мың шатыр жіберген.

Мамандардың болжамы бойынша, Атлант мұхитындағы дауылдар қараша айының соңына дейін басылмауы мүмкін. Қазіргі уақытта АҚШ-қа тағы екі дауыл жақындап келеді, деп хабарлады BBC.