Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық көлік өндірісі 4 есеге артты

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2017
  • 2635

Соңғы 2 жылдан соң қазақстандық көлік өндірісі арта түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алферов мәлімдеді.

Оның сөзінше, 16,4 млрд теңгеге автокөлік құралдарының 3405 бірлігі шығарылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бұл 4 есеге көп. Биыл 204 автокөлік Қытайға экспортталған. Олег Алферов қазақстандықтардың электромобильге көшуі туралы да пікірімен бөлісті.

Олег Алферов, «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы:


Өткен жылдың қортындысы бойынша ел төңірегінде 35 электромобиль сатылған. Ал осы жылдың бірінші тоқсанындағы қорытынды бойынша 12 электромобиль сатылды. Оның басым көбі премиум класстағы көліктер. Басқа сөзбен айтқанда, қазақстандықтар үшін бұл әдеттегідей астамшылықтың белгісі болып отыр.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ