Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандастарымыз әлемнің 59 елінде дауыс бере алады

Маңызды саяси науқанға шетелде жүрген қазақстандықтар да атсалысуда. Ел аумағынан тыс 74 дауыс беру учаскесі құрылған. Отандастарымыз әлемнің 59 елінде дауыс бере алады. Шетелде жалпы саны 12 485 азаматтың референдумға қатысуға мүмкіндігі бар. Уақыт айырмашылығына байланысты шетелде сайлау учаскелері бірінші Жапония мен Оңтүстік Кореяда ашылады. Токио мен Сеул қаласындағы қазақстандықтар Астана уақытымен түнгі 03:00-де дауыс беруді бастап кетті. Ал ең соңғы дауыс беру учаскесі Америка Құрама Штаттарындағы Сан Франциско қаласында ашылады. Екі ел арасындағы уақыт белдеуінің айырмашылығы 12 сағат. Сәйкесінше, учаске Астана уақытымен кешкі сағат 19:00-де ғана жұмысын бастайды.