Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 344 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында да халық белсенді. Референдумның маңыздылығын жақсы түсінетін жас та, кәрі де өз учаскелерге таңғы жетіден бастап келіп, өз таңдауын жасауда. Түркістан өңірінде 945 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Аймақта 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. Оңтүстіктегі дауыс беру барысын осы өңірдегі тілшіміз Айзада Төребекқызы баяндайды. 

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Иә, Шымкент қаласында да дауыс беру қарқынды. Қала аумағында жалпы 344 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.

Мегаполисте 660 мың 562 адам дауыс беру мүмкіндігіне ие. Оның ішінде, басқа өңірлерден келген студенттер саны – 909 және 855 әскери қызметші бар. Мәселен, мен тұрған № 98 учаскеде 1,5 мыңдай дауыс беруші бар. Дәстүрге сай жасы 18 жасқа толған жастан бастап, ғасыр жасаған қарияға дейін әдеттегідей еліміз үшін маңызды науқанда өз таңдауын жасап жатыр.

 ҰЛДАНА ҚАПАЛБАЙ, СТУДЕНТ:

Жалпы қоғамдағы болып жатқан әрбір өзгеріс әрбір азамат үшін маңызды. Мен өз таңдауымды жасадым. Себебі еліміздің болашағы әрқайсымыз үшін маңызды болып табылады. Бұл менің ең алғашқы дауыс беруім. Бұл мен үшін маңызды болғандықтан ерекше болды.

ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бұл референдумда әркімнің дауысы маңызды. Сондықтан мен өзімнің азаматтық борышымды орындай отырып, бүгін дауыс бердім. Бұл өте маңызды. Өйткені бірде бір елде бұл мәселе бойынша референдум өтпеген. Мен өзім Шымкент қаласының тұрғыны ретінде, патриот ретінде дауыс беруді жөн санадым.

Мегаполисте қазірге дейін шамамен 150 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді.

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Айта кетейін, бүгін мүмкіндігі шектеулі шектеулі жандаржы 28 Инватакси тасымалдап жатыр. Бұдан бөлек 65 сурдоаудармашы сұранысқа сай қызмет көрсетуде. Студия, әзірге менде бар ақпарат осы.