Жапония мен Малайзиядағы отандастарымыз өз таңдауын жасауда. Саяси науқан Қазақстан елшілігінің ғимараттарында өтуде. Алғашқы болып жапон клиникаларының бірінде жұмыс істейтін хирург Марлен Досқалиев дауыс берді. Дәрігер бүгінгі күннің тұтас ел үшін маңызды екенін атап өтті.
МАРЛЕН ДОСҚАЛИЕВ, ДӘРІГЕР:
Бүгінгі референдумға байланысты өте қуаныштымын. Өз пікірін білдіруге, біздің еліміздің болашағы үшін сайлауға қатыстым.
ТҰРАР ОМАРОВ, СТУДЕНТ:
Әр адамның дауысы өте маңызды. Елдің азаматы болғаннан кейін, елде болып жатқан әрбір өзгерістерді, құбылыстарды біз азамат ретінде өз позициямызды білдіруге міндеттіміз. Сол себепті өз азаматтық борышымды орындау үшін елшілікке келіп дауысымды бердім.